05 сәу, 2019 сағат 15:40

Дүниежүзілік банк Қазақстан экономикасына болжам жасады

Дүниежүзілік банк 2019 жылы Қазақстанның жалпы ішкі өнімі 3,5, ал 2020-2021 жылдары 3,2 пайыз болатындығына болжам жасады. Мұндай дерек аталған банктің Еуропа мен Орталық Азия экономикасы туралы жаңа баяндамасында келтірілген.

Дүниежүізілк банк сарапшыларының болжамына сәйкес, 2019 жылы Қазақстандағы инфляция 6,1 пайыз, 2020 жылы 5,8, ал 2021 жылы 5,7 пайыз деңгейінде болады.

Естеріңізге сала кетсек, бұған дейін Азия даму банкі Қазақстанның жалпы ішкі өнімі 2019 жылы 3,5 пайыз болатындығына болжаған еді.

АДБ-ның негізгі экономикалық басылымы «Азия дамуының шолуына» сәйкес, Қазақстанның жалпы ішкі өнімі 2018 жылғы 4,1 пайыздан 2019 жылы 3,5, ал 2020 жылы 3,3 пайызға дейін төмендейді. Инфляцияның орташа көрсеткіші осы болжам бойынша 6 пайыз шамасын сақтап қалмақ.