23 мау, 2017 сағат 11:02

Дүниежүзі қазақтары құрылтайының кеңесі Алматыдан Астанаға көшіріледі

Қауымдастық офисін Алматыдан Астанаға көшіретін кез келді. Бұл туралы Тәуелсіздік сарайында өткен дүниежүзі қазақтарының V құрылтайында Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев мәлімдеді, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

"Құрылтайдың офисін Алматыдан Астанаға  көшіретін уақыт келді. Басшылардың жанында болуы керек", - деп атап өтті Мемлекет басшысы.

Қазақстан Президенті алдағы уақытта құрылатын "Отандастар" қоры Дүниежүзі қазақтарының қауымдастығымен бірлесіп, отандастарға жан-жақты қолдау мен көмек көрсету  іс-шараларын анықтап, кешенді бағдарлама әзірлеуі керектігін де  баса айтты.

"Ол бағдарламада қазақтың көші мен алыстағы ағайынмен байланыстыратын барлық мәселелерді қамтуымыз керек. Бағдарламаның басымдықтары мен міндеттері қор арқылы  іске асырылатын болады", - деді Нұрсұлтан Назарбаев.