30 мау, 2019 сағат 09:01

Димаш мезгілсіз дүниеден озған досы Денис Тенге ән арнады

Димаш Құдайберген өзінің жеке концертінде қаза болған досы – мәнерлеп сырғанаушы Денис Тенге нөмір арнады, деп хабарлады Sputnik Қазақстан

Бүкіл Қазақстанды есеңгіреткен Денис Теннің қазасы Димашқа да ауыр соқты. Оны еске алу үшін әнші SOS d'un terrien en détresse композициясын орындады, өз уақытында Денис осы әннің сүйемелдеуімен арнайы бағдарлама жасап сырғанаған болатын.   

Мыңдаған көрерменге Олимпиаданың қола жүлдегерінің өнер көрсеткен сәті, сондай-ақ Денис Тен ән айтып жатқан кадрлар үлкен экраннан көрсетілді.  

"Денис екеуміз менің келесі Қазақстандағы концертімде дуэт айтамыз деп жоспарлап едік, бірақ... амал қанша... Денис талантты, өте еңбекқор болды. Ол өнер, адамгершілік туын биік ұстады", - деп пікір білдірді Димаш. 

Тыңдармандардың арасында марқұм мәнерлеп сырғанаушының ата-анасы болды. Анасы Оксана Тен көз жасын әрең тыйды.

"Барлық қазақ халқының атынан өз құрметімізді көрсетуге рұқсат етіңіз. Сіздің ұлыңызды ешқашан ұмытпаймыз. Қазақстан тарихында оның рөлі ерекше", - деді Димаш. 

Жас мәнерлеп сырғанаушы Денис Тен 2018 жылдың 19 маусымында көлік ұрыларының қолынан қаза болды. Жиырма бес жастағы спортшы көп қан жоғалтып, ауруханада жан тапсырды. Трагедияға бір жыл өткеннен кейін қылмыскерлердің бірі Тенді ауыр жарақаттаған жерде спортшыға ескерткіш қойылды.