04 мау, 2020 сағат 16:51

ДСМ коронавируспен күресте өкпе патологиясын емдейтін виброакустикалық құрылғылар сатып алды

ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Covid-19 бен күресу үшін виброакустикалық құрылғылар сатып алды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" ведомствоның Telegram-дағы парақшасына сілтеме жасап.

«Денсаулық сақтау министрлігі Қазақстандағы жұқпалы аурулар ауруханаларына өкпе патологиясын емдейтін 87 виброакустикалық аппарат сатып алды. Бұл COVID-19 қарсы күресу мақсатында медициналық көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдарының материалдық-техникалық базасын нығайтуға бағытталған бағдарламаның жалғасы», делінген хабарламада.⠀ 

Ұлттық стандарттардың талабына сәйкес вирус инфекциясынан пайда болған өкпе асқынуын емдеу ережесі бойынша виброакустикалық терапияны қолдану қажет және қазіргі уақытта аталған аппаратты пайдаланған жағдайы ауыр науқастарда оң нәтижесі байқалған. 

Дәрі-дәрмекпен емдеуді азайта отырып, өкпені кешенді бифокаль виброакустикалық терапия - өкпені желдетуді жақсартады; трахеобронхиалды дренирлеуді белсенді етеді; өкпе тінінің инфильтрациясын шешуді жеделдетеді; өкпені жасанды желдету аппараттарын қолдану мерзімін қысқартады және жіті респираторлық дистресс-синдромның даму қаупін төмендетуге ықпал етеді.

Айта кету керек, бұл аппараты әзірлеуші және өндіруші отандық BERK Technology компаниясы. Кәсіпорын отандық өнімді БАӘ, Сингапур, Ресей, Өзбекстан және басқа да елдерге экспорттайды.