16 ақп, 2017 сағат 10:51

Досым Сәтпаев БЖЗҚ жанындағы Қоғамдық кеңеске төраға болып сайланды

Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры (БЖЗҚ) жанындағы Қоғамдық кеңестің жаңа басшысы сайланды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Бүгін БЖЗҚ жанындағы Қоғамдық кеңестің бірінші отырысында оның төрағасы сайланды. Ашық дауыс беру арқылы төрағалыққа, белгілі саясаттанушы Досым Сәтпаев ал, оның орынбасары болып, журналист Алевтина Донских сайланды.

Сонымен қатар, Қоғамдық кеңес мүшелігіне белгілі қаржыгерлер, қоғамдық бірлестік, қорлар өкілдері мен журналистер енді.

Айта кетейік, аталған Қоғамдық кеңестің мақсаты - Қазақстанның жинақтаушы зейнетақы жүйесі бойынша азаматтардың пікірін жеткізу.