04 мам, 2018 сағат 14:32

Достық әуені қалықтады

«Ақмола облысының орыс қауымы» қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен және Ақмоладағы Қазақстан халқы ассамблеясы филиалының түрткі болуымен Көкшетау қаласында үшінші орыс және казак әндерінің қайырымдылық фестивалі өтті.

Қазақстан халқы Ақмола ассамблеясы Хатшылығының меңгерушісі Ринат Галлямов өзінің құттықтау тілегінде аталмыш фестиваль құдіретті ән өнерінің арқасында ұлттар арасындағы ынтымақтастық пен татулықты нығайтып, рухани бірлікті әспеттеп, қашанда достық пен келісім туын түсірмейтініне сенімін білдірді.

Ресей серіктестігі өкілділігінің Қазақстан Республикасындағы басшысы Виктор Нефедов фестиваль қатысушылары мен қонақтарына құттықтауын жолдаса, Ақмола облысының орыс қауымының төрағасы, іс-шараны ұйымдастырушылардың бірі Александр Артеменко – бұл фестивальден түсетін қаржының бәрі Көкшетау қаласындағы кафедралды собордың құрылысына жұмсалатынын айтты. Көкшетау шаһарындағы Архангел Михаил шіркеуінің діни қызметкері Константин әкей мұсылмандардың мешіті мен салынып жатқан шіркеудің бір көшеде және өте жақын орналасуы еліміздегі мызғымас бірлік пен дінаралық келісімнің ғажайып үлгісі екенін баса айтты.

Мен Қазақстанды дархан даласы үшін сүйем,
Биік таулары және шулы өзендері үшін.
Көгімде қалықтаған қыран құс үшін,
Бейбіт күні мен ашық аспаны үшін сүйем.
Адамдардың достығы мен бірлігі үшін,
Олардың адалдығы мен парасаттылығы үшін сүйем.

Жанға - рух, көңілге - шуақ сыйлайтын бұл сөздер фестивальдің ұранына айналған.

Алғаш боп киелі сахна төріне Ақмола облысы орыс қауымының жанындағы вокалды студияның әншісі Анастасия Ушакова «Тек алға» әнімен шықты. Ал, өңір халқы арасында танымал, жылдан жылға орыс және казак әндерінің мұрасына деген өздерінің адалдықтарын көрсетіп келе жатқан «Русская песня» халықтық  ансамбльі кештің шырайын келтірді. Зоя Авилова басшылық ететін ансамбль бұл жолы да көрермен қауымның ыстық ықыласына шомылды. Жеке ән орындаған Татьяна Ильченко және Нина Ивановалар да қошемет-құрметсіз қалған жоқ.

Петропавл қаласынан келген «Звонница - Наследие» казак вокалды- хореографиялық ансамбльінің іс-шара барысындағы күллі өнер көрсеткен әнші және ұжымдардың өнерлеріне сән кіргізді. Бұл ансамбльдің басқалардан ерекшелігі, аталмыш өнер ұжымы ән де айтады және би де билейді.

Өздерінің ерекше дауыс ырғақтары және ән орындау мәнерлерімен залға жиналғандардың көңілінен шыққан Қорғалжын ауданының казак әндерінің ансамбльі «Казачья слобода» және «Русская песня» ансамбльдері, Петропавл қаласынан келген жеке орындаушы Антон Гуторов және Астана қаласының өнерпазы Ольга Еськова-Басс болды. Көрермендерге мол қуаныш сыйлаған өнерпаздардың қатарында «Русская песня»  халықтық ансамбльінің «Молодушки» вокалды тобы болды. Халықтық әндер  ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып, өз тыңдаушысы мен орындаушысы арқылы баға жетпес рухани байлықты арқалап келеді. Сондықтан болар  Астана қаласының «Богатица» және Қостанай қаласынан арнайы келген «Казачья воля» ансамбльдерінің әндері де тыңдаушылардың жүректеріне жылы тиді. Әрине адам жанына жеткізе білудің сыры әнді шебер орындауда жатқандығы анық. Барлық қатысушылар өз белсенділіктері үшін Ақмола облысы орыс қауымының төрағасы Александр Артеменконың қолынан алғыс хаттар мен естелік сыйлықтар алды.

Халықтық әндер адамдарды жақындастырады. Бұл кешке жиналған қауым да күнделікті қала өмірінің күйбелеңін бір ұмытып, алдағы уақытқа көңілдеріне демеу, ой-саналары мен жүректеріне сергектік сыйлаған әндерді рахатттана тыңдады. Ал өнерпаздарға тыңдаушы құлықтың көрсеткен ең үлкен сыйы ол, сарқылмас алғыс пен ыстық қошеметі болғаны даусыз.