#
#
Бейсенбі 19/09/2019

Досаев: Қазақстанның Ұлттық банкі қайта құрылады

  • 22.05.2019
  • 0
  • 728

Болашақта Ұлттық банк Алматыдан астанаға көшіріледі деп жоспарлануда. Бұл туралы бүгін Ұлттық банктің төрағасы Ерболат Досаев айтты, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Бүгін мәжілістің жалпы отырысында «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қаржы нарығын реттеу мен дамыту және микроқаржылық қызмет мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР Заң жобасын мақұлданды. Құжатта айтылғандай, 2020 жылы қаржы нарықтарын реттеу мен дамыту агенттігін құрып, ұлттық банктің бірқатар функциясын осы жаңа органға беру көзделіп отыр.

Досаев жаңа агенттікті құру ұлттық банкті қайта ұйымдастыру арқылы жүзеге асатынын атап өтті.

«Қазақстанның Ұлттық банкі қайта құрылады. Сонымен қатар жаңадан Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі құрылады. Ұлттық банктің өкілеттіктері жаңа органға беріледі. Біз функциялар, өкілеттіктер мен штатты заң жобасында қарастырдық. Қазіргі штаттағы 500 адам агенттікке ауысады. Мамыр-маусым айларының ортасында Қаржы министрлігімен жұмысты аяқтауды жоспарлап отырмыз. Жаңа орган қызметін 2020 жылдың басынан бастайды. Ол агенттік Алматыда орналасады. Бұған қоса Ұлттық банкті болашақта Нұр-Сұлтанға көшіру жоспары да бар», - деді Досаев Мәжілісте.

0 пікір

Пікір қалдыру

Чтобы оставлять комментарий нужно зарегистрироваться или авторизироваться

Маңызды мақалалар

БАННЕР