08 жел, 2019 сағат 19:32

Допты хоккей: «Ақжайық» алғашқы жеңісіне қол жеткізді

Допты хоккейден бүкілресейлік жарыста (жоғары лига) өнер көрсететін Оралдың «Ақжайығы» алғашқы жеңісіне қол жеткізді, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Николай Шавалдин жаттықтыратын оралдықтар кезекті кездесулерін Первоуральскіде Свердлов облысының ««СКСО »СКА-Свердловск» командасымен өткізді.

Бірінші бәсекеде айдын иелері қонақтарды 3:2 есебімен ұтты. Мұнда «Ақжайық» сапындағы ресейлік легионер Максим Пахомов қос голдың авторы атанды.

Екінші ойында батысқазақстандықтар 4:2 есебімен есе қайырды. Бұл жолы Андрей Гущин қарсыластар қақпасына екі доп енгізсе, тағы бір ресейлік Артем Лапшин мен М.Пахомов бір-бір голдан соқты.

Осылайша бастапқы үш ұпайына қол жеткізген «Ақжайық» екінші топта бесінші орында келеді.

Оралдықтар келесі матчтарын 10-11 желтоқсанда Краснотурьинскіде «Маяк» командасымен өткізеді.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын «Ақжайықтың» «Никельщиктен» ұтылып қалғанын жазған болатынбыз.