#
#
Жексенбі 19/01/2020

Домбыра, тұмар, киім, сағат: Мемқызметшілерге жиі берілетін сыйлықтар қандай

  • 12.12.2019
  • 0
  • 343

ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің серіктестік департаментінің бас сарапшысы Сымбат Исрапулова мемлекеттік қызметшілерге азаматтардың жиі беретін сыйлықтарын атады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«2019 жылы мемлекеттік қызметшілердің өз еркімен арнаулы мемлекеттік қорға өткізген сыйлықтарының бағасы 683 212 теңгені құрады. «Ең көп таралған сыйлықтар» тізімін косметикалық сыйлық жиынтықтары, азық-түлік өнімдері бастайды. Биыл сыйлықтар арасында музыкалық аспап (домбыра), тұмар, ерлердің мойынорағышы, «Адидас» фирмасының спорттық костюмі, «Tissot» қол сағаты, «Delphi» корнишондарымен қапталған зәйтүн,қымбат алкоголь, тіпті пижама да кездесті», - дейді Сымбат Исрапулова агенттікте өткен баспасөз мәслихатында.

Агенттік өкілінің айтуынша, «алғыстың» кең таралған түрлері – ұялы телефон балансын толтыру, 1000-2000 теңге номиналымен ақшалай қаражат түрінде материалдық сыйақы беру. Жиын барысында азаматтардың мемлекеттік қызметшілерге «алғыс білдіруінің» жекелеген мысалдары да айтылды.

«Ақмола облысында бір азамат «Қазпошта» АҚ пошта байланысы арқылы Көкшетау қалалық сотына неке бұзу туралы істі қарауды жеделдету туралы өтінішпен хат салынған конвертті және номиналы 2 000 теңге ақша купюрасын жолдап, ол үшін 353 500 теңге айыппұл түрінде әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Сол секілді Ақтөбе, Қызылорда, Атырау және Шығыс Қазақстан облыстарында пробация қызметінің инспекторларына ұялы телефон балансын толтыру және ақша купюраларын беру арқылы заңсыз материалдық сыйақы беру үшін пробациялық бақылауда тұрған 14 азамат жалпы сомасы 5 858 000 теңгеге айыппұл түрінде әкімшілік жауапкершілікке тартылды», - дейді ол.

Еске сала кетсек, бұған дейін Сымбат Исрапулова мемлекеттік қызметшілердің заңды бұзып сыйлық алу фактілерін анықтау бойынша қоғамдық мониторинг жүргізіліп жатқанын мәлім еткен болатын.

0 пікір

Пікір қалдыру

Чтобы оставлять комментарий нужно зарегистрироваться или авторизироваться

Маңызды мақалалар

БАННЕР

Аймақтар жаңалықтары

Басқа да мақалалар