#
#
Жексенбі 25/08/2019

Діни түсінік. Секулярлықтың формасы қандай?

  • 25.06.2019
  • 0
  • 5222

Өткен ғасырдың 80-ші жылдарынан бастап діннің қоғамға және әлемдік саясатқа қайта оралу үрдісін байқауға болады. Оған дәлел ретінде діни түсініктерге негізделген этно-конфессионалдық қақтығыстарды, АҚШ-тағы христиандық құқықтардың көтерілуін, Латын Америкасындағы еркіндік теологиясы қозғалысының пайда болуын, ислам әлеміндегі діни-саяси идеологиялардың қалыптасуын, діни деструктивті ағымдар мен идеологиялардың және лаңкестік әрекеттердің артуын, Кеңес одағы тарағаннан кейінгі бұрынғы одақтас мемлекеттердегі діни жағдайдың күрт өзгеруін айтуға болады.

Жаһандану, көші-қонның артуы, Таяу Шығыстағы жағдай, Азия мен Африкадағы саяси үрдістер, әскери-саяси үрдістердің серпіні геосаяси картадағы ауқымды өзгерістерге әкеп соғуда. Соның салдарынан, адамдардың өмір сүру қалпын өзгертетін, теріс пиғылды діни ұрандарды жамылып, заманауи ақпараттық және коммуникациялық технологияларды адамзатқа қарсы белсенді қолдана отырып, ұлттық және діни дәстүрлерді жаңа жат элементтермен толықтырылуда.

Діннің қоғамда өз үлесінің болуын талап етуі қазіргі таңда «діннің деприватизациясы», «десекуляризация», «постсекуляризм», «діннің қайта жандануы» сынды ұғымдарды туындатты.

Қазіргі таңда жалпы зайырлы мемлекеттің табиғаты мен қағидаттары қандай болу керек деген сауалға жауапты тарихи, саяси, әлеуметтік, мәдени контекст тұрғысында қарастыру қажет.

Қазіргі жаһандану үрдістерінің ықпалымен әлем мемлекеттерінде дін саласында қарама-қайшылықтар орын алып жатқанын байқауға болады. Бір жағынан, зайырлы құндылықтар мен қағидаттардың күшею үдерісі байқалса, екінші жағынан қоғамдық кеңістікте діншілдіктің өсуі, діндердің қоғамдық кеңістікте өздеріне тиселі орындары мен құқықтарын талап етуде.

Жалпы шетелдік ғылыми әдебиеттерде «секуляризм» терминіне берілген анықтамалар өте көп, және оның әмбебап нұсқасы жоқ. Классикалық «секуляризм теориялары», қоғам модернизацияланған сайын діннің қоғамдағы маңызы мен орны төмендей түседі, халық техникалық және ғылыми тұрғыдан дами түскен сайын өмірдің мәнін түсіндіру бойынша дінге жүгінуін тоқтатады десе кейбір ғалымдар керісінше секуляризм теориясын мүлде сәтсіз екендігін мойындау керек деп сынайды.

Бастапқыда секулярлық түсінігі латын тілінен енген «saeculum» сөзі – «ғасыр» немесе «кезең» деген мағынаны білдірді. Орта ғасырларда секулярлық ұғымы шіркеу қызметкерлерінің монастірлік өмірдегі қызметінен кетіп, зайырлы өмірдегі діни қызметті атқарумен байланысты қолданылды. Олар өткен діни өмірінің заңдылықтарына сәйкес осы өмірдегі ережелерді үйлестіре отырып өмір сүруі тиіс болды.

Секуляризм терминінің мағынасы Реформациялық кезеңде өзгеріске ұшырады. Бұл кезеңде, қоғамдық-саяси ортада шіркеудің мүліктері мен жерлерін, қызметтерін мемлекет рационалды және  тиімді түрде басқару дегенді білдірді.

Секуляризм Батыс Еуропа мәдениетінде мемлекет пен христиан шіркеуі арасындағы күрестің нәтижесінде пайда болған және қазіргі таңда көптеген мемлекеттердің тәжірибесінде орын алған құбылыс. Алайда ислам әлемінде бұл құбылыстардың өзгеше шырай тапқанын ата кеткен жөн.

Еуропа елдеріндегі секулярлықтың формасы АҚШ-тан айырмашылығы дін мемлекетте ұлттық бірегейлікпен дәстүрлі мәдениеттің бір бөлігі ретінде қарастырылады. Сондықтан еуропалық мемлекеттер осы күнге дейін христиан шіркеумен қоғамдық салаларда тығыз қарым-қатынас орнатып, қаржылық және тағы басқа қолдау көрсетіп келеді.

Бүгінгі таңда халқымыздың зайырлы құндылықтарын нығайту мен мәдени-тарихи әрі рухани кодтарын жандандыруда, мемлекет пен дін арасындағы қарым-қатынастың қазақстандық үлгісін жасауда:

  • ұлттық және мәдени-тарихи ерекшеліктерін ескере отырып, рухани, моральдық және этикалық құндылықтарға сүйенуі;
  • ескірген догмаларды қайта қарау, оларды қазіргі заманға сай лайықтап бейімдеу;
  • діни сенімді жеке ішкі дүние деп қабылдау;
  • өзге діни көзқарастағыларға деген мейірімділік пен төзімділік, діни сеніміне қарамастан әр азамат мемлекеттің зайырлық құқықтарын қатаң ұстану және құрметтеуге негізделуі абзал.

Президент Нұрсұлтан Назарбаев «Рухани жаңғыру» атты мақаласында атап өткендей, зайырлы дәстүрлер – Қазақстанның ертеден келе жатқан мұрасы.

Әлімқұлова С.Б.

0 пікір

Пікір қалдыру

Чтобы оставлять комментарий нужно зарегистрироваться или авторизироваться

Маңызды мақалалар

БАННЕР

Аймақтар жаңалықтары

Басқа да мақалалар