02 қыр, 2016 сағат 14:49

Дина Елгезек. Өз xалқын діни экстремистерден қорғаған Кәрімов "диктатор" ма?

Батыс баспасөзін айтамын-ау, көзі тірісінде аямаған Ислам Кәрімовты өлісінде қайдан әспеттей қойсын:"Әндіжан оқиғасында 198 адамды қырып салған бүгінгі заманның Гитлері", "тиран", "деспот" деп, дәстүрлі әдеттерімен тоқпақтап ұрып жатыр.

Әндіжан оқиғасын ұйымдастырушылардың артында кім тұрды?! Қапелімде төңкерісшілер қайдан ұйымдаса қойды? Көздеген мақсаттары не болды? Көтерілісті басып тастағаннан кім ұтты- кім ұтылды? Діни экстремистерді жаншып тастағаннан Өзбекстан не ұтты? Оның тұтастай Орталық Азия аймағына тигізер саяси ықпалы қандай болды? Оны тереңнен қайта салмақтап-сараптап жатқан олар жоқ. Өз мүдделеріне қайшы болса, байыбына барып байбалам салуды ұната бермейді өздері... Естеріңізде болса, Грузия, Украина, Молдова, Әзербайжан мен Өзбекстанның қатысуымен ГУУАМ одағы құрылды. Сол кездері енді пісіп келе жатқан жоба - Еуразиялық Одаққа балама ретінде құрылған ұйымға батасын берген Батыс деседі. Антиресейлік ойыннан қауіптеніп, ГУУАМ одағынан Өзбекстан шыққан бойда, көп ұзамай Әндіжанда өрт шықты. Бұл - кездейсоқтық па, әлде... 

Одан кейін Өзбекстан Президенті әскери базасынан НАТО-ңды тырқыратып қуып шықты...АҚШ-тың әдеті емес пе, алдында құрдай жорғаламаған ел басшыларыңның бәріне - диктатор, тиран деп ат қойып, айдар тағатын... Уго Чавестің ақтық демі үзілгенде де, ресейлік пропаганданы жиі сынаушы батыстық БАҚ, бірінің аузына бірі түкіргендей:"зұлым диктатор өмірден өтті" деп сүйінші сұрап, жарыса жазғаны... Өз xалқы үшін аяулы болған кей тұлғаларды, мүдделес болмағаны үшін ғана "тиран" деп жаба тоқып, жаһанға жар салуға қаншалықты моральды құқығы бар? Ойланып көрдік пе? 
Хош делік...

Ал, Хиросима мен Нагасакиде мың-миллион адамның өмірін жалмаған, ядролық қару тастауға үкім айтқан АҚШ Президенті Гарри Трумэнді олар өлсе тиран деп атамайды. "Трумэн ондай шешім шығармағанда, соғыс басылмас еді, адам шығыны одан көп болар еді" деп тоқмейлсиді. 40 жылдан бері талас басылмай келеді... Белград, Ауғанстан, Ирак, Ливияда жазықсыз қаза тапқан бейбіт тұрғындардың өліміне - әкелі-балалы Буш, Клинтон, Обама да кінәлі емес, тиран дей көрмеңіз, олар - адамзатты діни терроризмнен қорғап қалған демократ тұлғалар! Сонда өз xалқын діни экстремистерден қорғаған Кәрімов - диктатор екен ғой...

Ливияң, Ауғанстаның, Ирагың гүлденіп кетсе мейлі дейсің ғой, оның үстіне бұрыңғылардан да сорақы, кекшіл, қауіпті ИГИЛ-ің үні зорайып, өзі сорайып шықты емес пе...

Дина Елгезектің фейсбуктегі жазбасынан