14 мау, 2019 сағат 06:10

Димаштың жеке альбомын сатып алушылар саны секунд сайын өсіп жатыр

Димаш Құдайбергеннің тұңғыш жеке альбомы 37 секундтың ішінде «платиналы» дәрежесіне жеткен, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Бұл жаңалықты ол өзінің Instagram парақшасында жариялады.

«Бір сағат бұрын менің алғашқы жеке альбомым шықты. 37 секунд ішінде «платина» деңгейіне жетті. Ал бір сағатта 3 мәрте «платиналық» сатылым көрсеткішіне шықты. Өте бақыттымын. Мені барлық бастамаларымда қолдап келе жатқан тыңдармандарыма көп рахмет. Менің табысым сіздердің арқаларыңызда», - деп жазды ол өз парақшасында.

Музыкалық альбомға «платина» деңгейі сатылым мөлшерімен белгіленеді. Оның шегі әр елде әрқалай екенін айту керек. Шоу-бизнесі дамыған АҚШ-та бұл деңгей 1 млн сатылымнан басталса, Ресейде 100 мыңдық сатылыммен  өлшенеді.