02 нау, 2017 сағат 09:37

Димаштың суреті әйгілі Men's Health журналының мұқабасына басылды

Мұқабасына қазақстандық әнші Димаш Құдайбергеннің суреті жарияланған қытайлық Men's Health журналының наурыз айындағы саны сатылымға шықты, деп хабарлайды Ұлт.кз тілшісі ҚазАқпарат агенттігіне сілтеме жасап.

Журнал қытайдың интернет дүкендерінде 1 наурыздан бастап сатыла бастады. Оның бір данасының бағасы 20 юань (920 теңге). Димаштың жанкүйерлері журналды белсенді түрде сатып алып жатыр, деп хабарлайды Қытайлық БАҚ.

Айта кетерлігі, Димаш журналдың фотосессиясында Mitsubishi автокөлігінің жарнамасын жасаған.

Men's Health журналы - Қытайдың Fashion media компаниясының Америкалық Rodale Group компаниясымен бірлесіп шығаратын ай сайынғы ерлер журналы. Бұнда ерлердің денсаулығы, тұрмыстық кеңестер, сән және мода, спорт және машина сияқты мазмұндағы материалдар басылады. Қытайда алғашқы саны 2003 жылы мамыр айында жарық көрген.