#
#
Cәрсенбі 21/08/2019

Димаштың концертіне жалған билеттер сатылып жатыр

  • 13.05.2019
  • 0
  • 430

Димаштың елордадағы концертіне билет сатып алған сақ болу керек, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Мәдени шараның ресми парақшасында осыған қатысты ескерту жарияланды.

«Dears! Желіде жалған билеттерді сатып жүрген алаяқтар көбейіп кетті! Бұндай жалған билеттермен сіздерді концертке кіргізбейді! Абай болыңыздар! Билеттерді тек кассалардан немесе zakazbiletov.kz және biletiastana.kz ресми сайттарынан алыңыздар!», делінген хабарламада.

Айта кетерлігі, жалған билеттерді жеке тұлғалар сатады және жарнамаларды тегін сайттарға орналастырады. 

Еске сала кетсек, 29 маусымда әншінің жеке концерті еліміздің бас қаласында өтеді. Димаштың әлем бойынша жанкүйерлері Нұр-Сұлтан қаласына жиналады.

0 пікір

Пікір қалдыру

Чтобы оставлять комментарий нужно зарегистрироваться или авторизироваться

Маңызды мақалалар

БАННЕР

Аймақтар жаңалықтары

Басқа да мақалалар