#
#
Сейсенбі 23/04/2019

Димаштың АҚШ-тағы жанкүйерлері әнші оқыған музыкалық колледжге фортепиано сыйлады

  • 12.02.2019
  • 0
  • 1669

Әнші Димаш Құдайбергеннің жанкүйерлері тосынсый жасады. Олар А.Жұбанов атындағы музыкалық колледжге жаңа күйсандық сыйлады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. 

Бүгін А.Жұбанов атындағы музыкалық колледж өз шәкіртінің жанкүйерлері сыйлаған сыйлықты қабылдады.

«Димаштың Америкадағы фанклубы мен әлемнің әр түкпіріндегі жанкүйерлері Ақтөбе музыкалық колледжіне сый жасауды қалады. Сонымен қатар, Димашқа 4 жыл бойы дәріс берген Марат Әйтімовтің сыныбына деп айтты. Менің ойынша бәрі де Димашты таныған күннен жанкүйер деп ойлаймын. Ал фанклубтың құрылғанына 2-3 жыл болды», - деді әнші Димаш Құдайбергеннің анасы Светлана Айтбаева.


Айта кетейік, фанклуб мүшелері өткен жылы Ақтөбе қаласына келіп, әнші оқиған мектеп мен музыкалық колледжде болды. Отбасымен танысып, концертке қатысты.

«Фанклуб мүшесі Патрис Груллион Ақтөбеге келіп, музыка колледжінде өнерлі балалардың концертіне қатысқан болатын. Сол кезде студенттердің концертін тамашалап, сый жасау туралы ойлаған екен. Жанкүйерлері қаржылай көмек көрсету туралы шешім қабылдады. Ал бұл жерде колледж ұжымы аспап, оның ішінде фортепиано қажет деп шешкен екен. Ұсыныс фанаттардан болды. Олар үнемі көмектесуге дайын тұрады. Тек колледжге ғана емес, Ақтөбе қаласындағы, Қазақстандағы түрлі салаға көмектесті. Мәселен, Алматыдағы онкологиялық балалар диспансеріне тұрақты көмек беріп жүр. Сол мекемеде ем алып жатқан балалардың бәрі Димаштың жанкүйерлерінің жіті бақылауында. Олар ойыншықтарын апарып, сөйлесіп, сый жасайды, қаржы аударады. Ақтөбе өңіріндегі аз қамтылған отбасыларға киім-кешек, азық-түлік те апарып жүр. Біз ол адамдарға алғыс айтамыз», - деді С.Айтбаева.


Жалпы Димаш Құдайбергеннің фанаттары әлемнің 110 елінде бар. Олардың жалпы саны 10 миллион адамға жуық екен.

«Фантоптардың өзара қарым-қатынасы, бізбен байланысы бар. Біз бір-бірімізбен хабарласып тұрамыз», - деді әншінің анасы.

Фортепиано құны 1 миллион 380 мың теңге тұрады. Жаңа аспапта жанкүйерлері жіберген лебіз жазылған.   

0 пікір

Пікір қалдыру

Чтобы оставлять комментарий нужно зарегистрироваться или авторизироваться

Маңызды мақалалар

БАННЕР

Аймақтар жаңалықтары

Басқа да мақалалар