#
#
Жұма 18/08/2017

Димаш - "Жылдың ең үздік әншісі" (Видео)

  • 10.08.2017
  • 4
  • 558

Танымал қазақстандық әнші, қытайлық The Singer байқауында бағы жанған Димаш Құдайберген Гонконг қаласында өзінің кезекті жүлдесіне қол жеткізді, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Ол Гонконгта өткен Golden Melody Awards салтанатты шарасында «Ерлер арасындағы жылдың ең үздік әншісі» номинациясын жеңіп алды.

Бұл туралы әншінің өзі Инстаграмдағы жеке парақшасында хабарлады.

Еске сала кетсек, өткен айда Димаш Гуанчжоу қаласында «Азияның ең танымал шетелдік әншісі» аталымы бойынша әлемдегі ең үлкен музыкалық марапаттардың бірі - MTV Music awards жүлдесін иеленген еді. Одан бөлек, Қытайда өткен Asian Music GaLa марапаттау кешінде "Ең танымал шет елдің әншісі" номинациясының иегері атанды.


4 пікір

Пікір қалдыру

Маңызды мақалалар

БАННЕР