29 нау, 2017 сағат 16:48

Димаш жартылай финалда әйгілі Челентаноның әнін шырқайды (Видео)

Димаш Құдайберген «Singer 2017» ән байқауының жартылай финалында итальянша ән шырқайтын болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Sina Weibo әлеуметтік желісінде Димаш жаттығу кезінде итальяндық әнші Адриано Челентаноның әйгілі әні «Confessa»-ны орындағаны туралы ақпарат тарады.

Адриано Челентано «Confessa» әнін алғаш рет 2002 жылы орындаған. Әншінің 2012 жылы Youtobe-тегі жеке арнасына жүктелген әннің бейне баянының көрілімі 5 миллионға жақындаған.

Еске сала кетейік, Димаш байқаудың он кезеңнен тұратын іріктеу бәсекелерін аяқтап, жалпы есепте бірінші болып финалға өтті. Байқаудың жартылай финалы 8 сәуірде Hunan TV теларнасынан көрсетілетін болады.