19 қаң, 2020 сағат 10:20

Димаш Токиодағы джаз фестивалінде өнер көрсетеді

Бүкіл әлемге танымал қазақстандық әнші Димаш Құдайберген джаз композициясының миллиондаған жанкүйерлерін тәнті ететін болады. Бұл туралы Tokyo Jazz Festival ресми сайтында хабарланды.

19-шы Tokyo Jazz Festival мамырдың 22-24 күндері Жапония астанасында өтеді. Бұл бастауын 2002 жылдан алатын Күншығыс еліндегі ірі музыкалық фестивальдердің бірі саналады. Ол джаздың шын мәніндегі танымал әртістерін шақыруымен белгілі. Музыкалық фестивальдің ұйымдастырушылары биыл мәдени шараға 90 мыңнан астам көрермен жиналатындығын күтіп отыр. Бұған Қазақстаннан баратын қонақтың да үлесі зор болуы ықтиал. Себебі Tokyo Jazz Festival-дің Facebook парақшасында жарияланған аңдатпасына пікір қалдырғандардың басым бөлігі Димаштың аталған шараға қатысатындығын қуана жазып жатыр.