13 жел, 2019 сағат 18:34

Димаш Тәуелсіздік күніне арналған концертте ән шырқады

Әнші Димаш Құдайберген елордадағы Астана опера және балет театрындағы Тәуелсіздік күніне арналған концертте ән шырқады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Еске сала кетсек, Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Тәуелсіздіктің 28 жылдығына орай өткізілген салтанатты концертті тамашалағаны бұған дейін хабарланған болатын.

Аталмыш кеште әнші Димаш Құдайберген «Елім менің» әнін шырқап, көпшіліктің қошеметіне ие болды. Әншінің өнер көрсеткен шағын видеосын Мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Берік Уәли жариялады.

Айта кетерлігі, Димаш Құдайберген Нью-Йорктегі концертінен Отанына орала салысымен «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» атанған болатын.