#
#
Сейсенбі 13/11/2018

Димаш: Мәскеуде концерт беруді армандап жүрмін

  • 14.09.2018
  • 0
  • 344

Димаш Құдайберген алдағы уақытта Мәскеуде концерт өткізуді жоспарлап жүргенін айтты. Бұл әншінің көптен бері көкейінде жүрген арманы екен. 

Шетелдік журналистердің бірі Димаштан Ресейде қашан концерт беретінін сұрады. Айтуынша, осы елдегі тыңдармандары әншіні асыға күтіп жүр. Сондай-ақ, журналист әншіден ерекше дауыс иесі болуының себебін білмек болды.

"Біріншіден, мақтап айтқан сөздеріңіз үшін рахмет. Екіншіден, меніңше, бұл тамаша ұстаздарымның арқасы. Барлық ұстазым мен педагогыма алғыс айтқым келеді. Әсіресе, Марат Олжабайұлына. Ол кісінің дәл қазір бізді қарап отырғанына сенімдімін", — деді ол.

Әрі қарай журналист әншіден Ресейде қашан және қай қалада концерт өткізетінін сұрады. Сондай-ақ, болашаққа жоспарланған бұл концертінің билеттері аз уақыт ішінде сатылып кететініне уәде берді.

"Ниеттеріңіз үшін көп рахмет! Бұл сұраққа қалай жауап берерімді білмей тұрмын. Болашақта Мәскеуде концерт берсем деген арманым бар. Концертіме келетін болсаңыздар, қатты қуанып қалатын едім. Нақты уақытын енді жоспарлаймын. Ал қала мәселесіне келсек, Мәскеуді таңдайтын едім", — деді жұлдыз.

sputniknews.kz

0 пікір

Пікір қалдыру

Чтобы оставлять комментарий нужно зарегистрироваться или авторизироваться
БАННЕР

Аймақтар жаңалықтары

Басқа да мақалалар