11 ақп, 2017 сағат 18:47

Димаш Құдайбергенов қытай тілінде ән шырқады (видео)

Отандасымыз Димаш Құдайбергенов Қытайдағы "Singer-2017" жобасының 4 турында қытайша ән орындап, үшінші орыннан көрінді.

Димаш бұл кезеңде Қытайдың "Күзгі мұң" әнін нақышына келтіріп орындап, көрермендер ықыласына бөленді. Қытайлық басылымдар қазақ әншісінің бұл әнді акцентсіз, әдемі айтып шыққанын жарыса жазуда.

Айта кетсек, Димаш «I am a singer» байқауының төрт кезеңіне қатысып, француз, орыс, қытай тілдерінде ән шырқады. Сайыс сәуір айына дейін жалғасады. Әзірге, жалпы есеп бойынша, отандасымыз бірінші орында келеді.