02 қаз, 2019 сағат 07:24

Димаш Құдайбергеннің жаңа бейнебаяны жарық көрді

Әнші Димаш Құдайбергеннің «Біл» (Знай) әніне жазылған жаңа бейнебаяны жарияланды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Әншінің жаңа клипін өзінің жеке YouTube арнасынан тамашалауға болады.

Айта кетсек, бұған дейін Димаш «Біл» (Знай) әніне жазылған жаңа бейнебаянның релизі жариялаған болатын. Клип Исландияда түсірілген.

«Исландиядағы видео кадрлары. Команданың барлық мүшесі малмандай су болды. Бірақ бұл оған тұрарлық. Режиссер Алан Бадоевке кәсібилігі үшін ризашылығымды білдіргім келеді. Шынымен де ол видеоны нағыз суретшідей түсіретін режиссер», - деді әнші.