24 мам, 2018 сағат 10:21

Димаш Құдайбергеннің жаңа бейнебаяны жарық көрді (видео)

Танымал әнші Димаш Құдайберген "Screaming" атты жаңа бейнебаянын таныстырды.

Димаш кеше ғана инстаграм желісінде: "Екі күннен кейін ағылшын тіліндегі əнге түсірілген бейнебаяным көрерменге жол тартпақ. Əннің композиторы Muhgal осы күнге дейін Rihanna, Usher, Cherul Fermandes - Versini, Shakira, Ne-Yo, Avisi сынды əншілерге əндер жазған. Сонымен, жақында ғана жарық көрген "Screaming" деген əнімнің бейнебаяны көңілдеріңізден шығады деген үміттемін", - деп жазған болатын.

Бейнебаян YouTube хостингіндегі "Dimash Kudaibergen & DimashAli СС" парақшасында жарияланды.