16 мау, 2018 сағат 09:43

Димаш Құдайбергеннің өлімі: Әнші қауесетті жоққа шығарды

Қазақстандық әнші Димаш Құдайберген өзінің өлімі жайлы қауесетті жоққа шығарды, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат". Әнші өзінің Instagram желісіндегі парақшасында пост жариялаған. 

"Оларға сенбеңдер. Мен тірімін. Мұны жақындарым интернеттен көріп қалса, жүректері ауырар. Барлығыңа жақсылық пен бақыт. Енді бұлай етпеңіздер, достар", - деп жазыпты ол. 

Қазір бұл пост әлеуметтік желіден өшірілген. 

Еске салайық, биыл мамырда Димаш Құдайберген алғашқы клипін түсірді. Әншінің өзі оның премьерасына дейін күн санап жүрген болатын. Димаш ән муызкасының авторы Рианна, Ашер, Шакира, Ne-Yo және тағы басқа жұлдыздарға ән жазған Muhgal болғаны туралы хабарлаған еді.