06 мам, 2017 сағат 22:21

Димаш Құдайбергеннің Астанада өтетін концертіне билеттерді шетелдіктер сатып алуда

Димаш Құдайбергеннің Дүниежүзілік турне аясындағы концерті Астанада 27 маусым күні «Астана Арена» стадионында өтеді. Бұл туралы әншінің продюсері Алпамыс Шәрімов өзінің Instagramдағы парақшасында хабарлады.

«Дүниежүзілік турне аясындағы концерт Қазақстан астанасында 27 маусым күні өтеді. Бұл 2017 жылы жоспарға сай өтейін деп отырған тұңғыш концерт. Сол себепті Димаштың коцертінің куәсі болу үшін #Bastau ЭКСПО аясында Астана келуге шақырамыз! Осы уақытта концертке билеттерді көп шетелдіктер сатып алды. Олардың арасында Ресей, Қытай, Германия, Италия, Франция, Малайзия, Жапония, Оңтүстік Корея, Қырғызстан, Өзбекстан сияқты елдердегі Димаштың өнеріне тәнті азаматтар бар. Билеттердің құны 4 мың теңгеден басталады және олардың 40 проценті әнсүйер қауымның қолында. Сіздер де бізбен болуға асығыңыздар!», - деп жазды әншінің продюсері.