27 жел, 2017 сағат 10:41

Димаш Құдайберген "жылдың үздік танымал əншісі" атанды

Танымал қазақстандық әнші Димаш Құдайберген тағы бір халықаралық байқауда жеңіске жетті, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат". 

"Жеңіс!" "Golden mango melody awards" марапатында жылдың үздік танымал əншісі атандым. Осының бəрі өздеріңіздің арқаларыңызда, құрметті, тыңдарман қауым. P.S: Бұл фото концертімдегі кезекті əнімді айтып тұрғанда түсірілген фото ғой! Күшті шықпаған болса да, шынайы фото. 5-і, Фуджоудағы "Олимпик" стадионында кездескенше #dears. Thank you dears, Congratulation!)", - деді Димаш Құдайберген.

Еске салайық, желтоқсан айының басында әнші Димаш Құдайберген Қытайда IQIYI awards нұсқасы бойынша жыл әншісі атағын жеңіп алған еді.