25 мам, 2017 сағат 16:44

Димаш Құдайберген "Жылдың ең танымал әншісі" жүлдесін жеңіп алды

Миллиондаған жанкүйер жүрегінің төрінен орын алып үлгерген Димаш Құдайберген қытайлық "ОК" журналының шешімімен "Жылдың ең танымал әншісі" атағына ие болды. Бұл туралы әншінің өзі инстаграмдағы жеке парақшасында хабарлады.

Бұл – Димаштың Қытайда жүріп алған төртінші жүлдесі. Естеріңізде болса, Димаш "Battle of memories" әні үшін "Top Global Chinese Music" жүлдесін, 17th China Music Awards "шарасында "Халықаралық деңгейдегі танымал әнші" жүлдесін, China Top music Awards шарасының "Азияның ең танымал әншісі" жүлдесін жеңіп алған еді. 

Кеше, 24 мамыр күні Димаш 23 жасқа толды. Туған күнін әнші Қытайда мыңдаған жанкүйерімен бірге қарсы алды.