11 жел, 2018 сағат 20:59

Димаш Құдайберген «Титаник» фильмінің саундтрегін орындады (Видео)

Димаш Құдайберген «Титаник» филіміндегі «My Heart Will Go On» хит әнін орындады, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат". 

Димаш Қытайдың Хайнань аралында өтіп жатқан кинофестивальде атақты Селин Дионның орындауындағы «My Heart Will Go On» әнін сахнаға алып шықты.


«Джеки Чан бастаған бірінші халықаралық кинофестивальдін қызыл кілемінде. Хайнань.», - деп жазады әнші өзінің Инстаграмдағы парақшасында.  

Сондай-ақ, ол «Сахна - менің жаным демалатын орын», - деді.

Еске салсақ, Димаш Құдайберген Қытайдың Санья қаласында «Әлем аруы-2018» байқауының финалында қазақ тіліндегі «Ұмытылмас күн» атты әнін шырқады.