04 сәу, 2019 сағат 14:17

Димаш Құдайберген: "Ол - мәңгілік жүрегімізде..."

Белгілі әнші Димаш Құдайберген Олимпиада чемпионы Бекзат Саттархановты Instagram-дағы парақшасында еске алды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

«Бүгін қазақтың қайсар батыры Бекзат Саттарханов ағамыздың өмірге келген күні. Қысқа ғана ғұмыр кешсе де, еліміздің тұғырын үлкен деңгейге көтерген арыстай азаматымыз мәнгілік жүрегімізде. Ер есімі - ел есінде! Алаштың текті ұрпағының тұқымы - Бекзат аға, жатқан жерің жайлы, қараңғы жерің жарық болсын», - деп жазды Димаш.

Қазақстандық боксшы, 2000 жылы өткен Сидней Олимпиадасының жартылай жеңіл салмақ дәрежесі бойынша чемпионы Бекзат Саттарханов 1980 жылы 4 сәуірде дүниеге келген. Спортшы небәрі 20 жасында көлік апатынан қапыда көз жұмған еді.