17 сәу, 2019 сағат 09:22

Димаш Құдайберген Мемлекет басшысының ықыласы үшін алғыс білдірді

Аты әлемге мәшһүр қазақстандық әнші Димаш Құдайберген өзіне қолдау көрсеткен Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевқа алғыс білдірді, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

«Ықылас, ниетіңіз үшін, аса зор құрметіңіз үшін көп рахмет, Қасым-Жомарт Кемелұлы!», - деп жазды Димаш Instagram-дағы парақшасында. 

Әнші жазбаның астына ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Instagram-дағы ресми парақшасында жазған сөздерін келтірді.  

Осыған дейін Мемлекет басшысы әлеуметтік желідегі парақшасында Димаш туралы пікірімен бөлісіп, оның  әлі талай биіктерді бағындырарына сенім білдірді.

«Димаш Құдайберген - ән өнеріндегі құбылыс. Нағыз талант иесі. Қазақтың мәдениетін, ән өнерін шартарапқа паш етіп жүрген виртуоз. Кеше қазақтың мақтанышына Өзбекстан жұртшылығы да тәнті болып, өнеріне қол соқты. Димаштың әлі талай биіктерді бағындырарына сенімдімін және тілектеспін», - деп жазды Қасым-Жомарт Тоқаев Instagram-дағы парақшасында.