26 жел, 2019 сағат 17:43

Димаш Құдайберген Қытайдың үздік әртісі атанды

Қазақстандық әнші Димаш Құдайберген Қытайдың «Internet Bull Ears awards 2019» жүлдесін жеңіп алды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

«Internet Bull Ears awards-2019. Қытай. Бейжің. Қытай жүлдесі үшін көп рахмет. Жылдың үздік әртісі марапатын алу – үлкен ғанибет. Барлық жанкүйерлеріме, ұйымдастырушыларыма және қытайлывқ командама алғыс айтамын», - деп жазды әнші өзінің Instagram парақшасында .

Сонымен бірге, Димаш Қытай телекөрермендеріүшін жаңажылдық бағдарламаның түсіріліміне қатысты .

Бұған дейін Димаш Құдайберген Ресейде «Жылдың ең үздік әншісі» атанған болатын. Ал, Румынияда оның жанкүйерлері әншінің концертін ұйымдастырғысы келетіні айтылды.

Сондай-ақ, Димаш Құдайберген италиялық фэнтези жанрындағы фильмнің саундтрек әнін шырқайды. Туынды 2020 жылдың наурыз айында жарыққа шығады.