04 ақп, 2017 сағат 07:57

Димаш Құдайбергенов тағы да үздіктер қатарында (Фото)

Қазақстандық әнші Димаш Құдайбергенов «I am a singer» байқауының үшінші кезеңінде үшінші орын иеленді, деп хабарлайды Ұлт.кз ҚазАқпарат ХАА-ның Қытайдағы меншікті тілшісіне сілтеме жасап.

«Эфирден бұрын хабарлаймыз, Тань Цзин «Ынтызарлық» әнін түпнұсқадан да мықты орындап, бірінші орын алды. Ол осылайша көпшіліктің қолдауына ие болып келе жатқан Димаштан да басым түсті», деп хабарлайды портал.

Ал Чжао Лэй «Чэнду» атты халық әнін орындап, екінші орынға табан тіреді. Ал Димаш - үшінші және Чжан Цзе - төртінші тұр.

Димаш Құдайбергенов Queen тобының «Show must go on» әнін орындады. Басқа да байқау қатысушылар секілді Димаш та сахнаға гитарашылармен бірге шықты.

 

«I am a singer» байқауының үшінші кезеңінің түсірілімі 21 қаңтар күні өткен. Бірақ ол эфирге 4 ақпан күні кешке шығады.

«Weibo» әлеуметтік желісіндегі Димаштың жұмыс тобында 3-кезеңнің суреттері жарияланды. Онда жерлесіміздің стилисті BG Fashion, визажист әрі шаштаразы - DO Fashion, бет-бейнесін жасаушы - LANVIN 16AW екендігі айтылған.