#
#
Жұма 29/05/2020

Димаш: Дәрігерлер ең жоғары құрметке лайық

  • 26.03.2020
  • 0
  • 272

Әнші Димаш Құдайберген басын қатерге тігіп, коронавирус дертімен ауырғандарды емдеп жатқан мдициналық қызметшілерге алғыс айтты, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

«Өзге адамдарға көмектесу үшін басын қатерге тігіп жатқан медициналық қызметшілерге шын көңілден алғыс айтқым келеді. Кеше Қазақстанда екі адам коронавирустан емделгені туралы жаңалық оқыдым. Қазақстандағы және әлемдегі барлық дәрігерлерге басымды иемін», - деп жазды Димаш Құдайберген Instagram парақшасына . 

Сондай-ақ, ол медицина қызметшілерінің еңбегі үлкен құрметке лайық екені туралы жазды. 

«Әншілер мен кино жұлдыздары әрдайым қошеметке ие болады, бірақ менің көзқарасым бойынша – дәрігерлер одан да зор құрметке лайықты. Еліміздегі барлық дәрігердің жалақысы көтерілсе жақсы болар еді», - деп жазды ол.

0 пікір

Пікір қалдыру

Чтобы оставлять комментарий нужно зарегистрироваться или авторизироваться

Маңызды мақалалар

БАННЕР

Аймақтар жаңалықтары

Басқа да мақалалар