#
#
Cәрсенбі 23/08/2017

Димаш Құдайберген әйгілі Лара Фабианның «Adagio» әнін орындады (видео)

  • 26.02.2017
  • 0
  • 2285

Хунан телеарнасы ұйымдастырған "I am singer" ән байқауының алтыншы кезеңі эфирден көрсетілді. Отандасымыз Димаш Құдайбергенов 6-кезеңде француз әншісі Лара Фабианның репертуарынан "Адажио"әнін орындап, үздік атанды. Осыған дейінгі кезеңдерде оза шапқан Димаш бұл жолы да биіктен көріне білді.

Айта кетерлігі, аталмыш жобада жақсы өнер көрсеткен Тан Цин бұл өнер бәсекесінен кеткенін хабарлады. Бұған нақты не себеп болғаны әзірге белгісіз. Ол 1998 жылғы Азия дауысында үшінші орын алған. Сондай-ақ, Бейжің Олимпиадасының ашылу салтанатында ән шырқаған еді. Алтыншы кезеңнің қорытындысы бойынша Гонконгтық әнші Sandyбас екінші орынды еншіледі.

Еске сала кетейік, Димаш жетінші кезеңде қазақтың халық әні «Дайдидауды» айтып, үшінші орын алғанын хабарлаған болатынбыз. Бұл кезең эфирден 4 наурызда көрсетіледі.  


0 пікір

Пікір қалдыру

БАННЕР