18 шіл, 2019 сағат 03:10

Димаш Құдайберген әйгілі Лара Фабианмен дуэт орындайды

Димаш Құдайберген тыңдармандарына Лара Фабианмен бірге дуэт айтатынын хабарлады. Әнші бұл туралы Instagram желісіндегі жеке парақшасында жазған.

"Жуырда назарларыңызға World music awards жүлдесінің иегері Лара Фабианмен бірге жаңа дуэт ұсынамыз", - деп Димаш әйгілі әншінің суретін жүктеді.

Бұған дейін қазақ әншісі әлемдік деңгейдегі әншімен дуэт айтуды жоспарлап отырғанын жазған болатын. Сол кезде Димаштың көптеген жанкүйері әңгіме Андреа Бочелли немесе Лара Фабиан жайлы болып отыр деп болжады.

Айта кетсек, "I am singer" байқауының алтыншы кезеңінде Лара Фабианның орындауындағы "Адажио" әнін шырқап, бірінші орын алған Димаш Құдайбергенді әлемге белгілі әнші жеке парақшасында құттықтаған еді. Кейінірек Лара Фабиан Димаштың туған күнінде де видеоқұттықтау жолдады.