20 шіл, 2017 сағат 10:45

Димаш Құдайберген Asian Music Gala сыйлығын алды (Видео)

Қазақстандық әнші Димаш Құдайберген Asian Music Gala жүлдесін "ең танымал шетелдік әнші" номинациясы бойынша алды. Марапаттау шарасы 19 шілдеде Қытайдың Гуанжоу қаласында өткен. Бұл туралы әншінің продюсері Алпамыс Шаримов және қытайлық басылымдар хабарлады.

23 жастағы әнші Димаш Құдайберген Қытайда сәуірде аяқталған I Am a Singer ән байқауында екінші орын алып, "Азиядағы ең танымал әнші" номинациясы бойынша Top Chinese Music Awards жүлдесін иеленген.

Әнші алдағы уақытта Қазақстан бойынша тур ұйымдастырмақ.