15 мам, 2019 сағат 18:57

Димаш Құдайберген аңызға айналған әнші Андреа Бочеллимен кездесті (Видео)

Димаш Құдайберген әлемдік музыканың аңызы, италиялық әнші Андреа Бочеллимен кездесті, деп жазады Sputnik агенттігі.

Бочелли Димаштың ғажайып дауысы бар екенін атап өтіп, оған сәттілік тіледі.

Кездесу қай елде өткені белгісіз. Дегенмен италиялық тенор Twitter-де сәрсенбі, 15 мамырда Бейжіңдегі Олимпиада саябағында Азиялық өркениеттер арасындағы диалог жөніндегі конференция аясында өтетін "Азия мәдениеті карнавалына" (CDAS Asian Culture Carnival) қатысатынын хабарлады.  

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін қазақ әншісі өзінің Instagram-дағы аккаунтында әлемдік деңгейдегі әншімен дуэт айтуды жоспарлап отырғанын жазған-ды.

Димаштың көптеген жанкүйері әңгіме Андреа Бочелли немесе Лара Фабиан жайлы болып отыр деп болжады.