29 жел, 2018 сағат 12:29

Димаш Құдайберген 2018 жылдың ең келбетті тұлғаларының тізіміне енді

TC Candler сұлулықтың тәуелсіз сыншылары 2018 жылдың ең ажарлы азаматтарының үздік жүздігін жария етті. Димаш Құдайберген ерлер арасындағы ең келбетті азаматтардың тізіміне 90-ынша болып енді, деп хабарлайды ҚазАқпарат агенттігі.

Айта кетейік, 2017 жылы Димаш 76-ыншы орында болған.

Ерлер арасындағы сұлулығы мен сымбаты жарасқан 100 тұлғаның тізімінің соңында америкалық актер Леонардо ди Каприо тұр, аргентиналық футболшы Лионель Месси 98-інші орынға тұрақтаған. Америкалық актер Крис Эванс 94-інші орында тұр, британиялық анші Зейн Малик 91-інші, австралиялық актер Крис Хемсворт 74-інші орында тұр. Португалиялық спортшы Крштиану Роналду 72-інші, америкалық актер («Жұлдызды сапар» фильмінде капитан Джеймс Тиберия Кирктің рөлін сомдайтын) Крис Пайн 69-ыншы, франциялық футболшы Антуан Гризман 61-інші орынға тұрақтаған. 57-інші орында «Игры Престолов» фильмінің жұлдызы Кит Харрингтон, британиялық актер Джейми Дорнан 50-інші орында тұр. Тізімнің 42-інші орнына америкалық актер Зак Эфрон жайғасқан, 32-інші орын оңтүстіккореялық әнші Ким Мингюге тиесілі, кореялық әнші Пак Джимин 25-інші орында, түркиялық актер Чагатай Улусой 23-ші болып тұр. Сондай-ақ ресейлік актер Алексей Воробьев 14-інші орында тұрса, футболшы Дэвид Бэкхем 13-інші орынды еншілеген.

Ең келбетті 100 азаматтың үштігіне америкалық актер Идрис Эльба мен оңтүстіккореялық әнші Чон Джонгук кірген. Тізімді америкалық (Тақтар ойыны фильмі) актер Джейсон Момоа бастап тұр.

Айта кетейік, қазақстандық әнші Димаш Құдайберген жуырда ғана «Жыл әншісі» әрі «Ұлы Жібек жолының мәдени елшісі» атанған болатын.