22 мау, 2019 сағат 08:10

Димаш ІІ Еуропалық ойындардың ашылуында ән шырқайды

Беларусь астанасында ІІ Еуропа ойындарының  ашылу рәсімі өтіп жатыр. Салтанатты шараға әлемге танымал қазақстандық әнші Димаш Құдайберген қатысуда, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ашылу салтанатын Belarus-1 және Belarus-5 телеарналары тікелей көрсетуде. БЕЛТА агенттігінің хабарлауынша,  салтанатты шара өтіп жатқан «Динамо» стадионында 20 мыңнан астам жанкүйер жиналған.

Айта кеткен жөн, ІІ Еуропа ойындарының ашылу салтанатындағыпродюсер -  композитор Игорь Крутой, режиссер-постановщик - Алексей Сеченов.  Сондай-ақ осынау аса ауқымды мәдени-спорттық шоуда әлемге танымал опералық әнші Анна Нетребко, сондай-ақ Қазақстаннан әнші Димаш Құдайберген ән шырқайтын болады.

ІІ Еуропалық ойындардың ашылуына бір күн қалғанда Димаш  Instagram-дағы  аккаунтында Минск әуежайында өзін қарсы алған жанкүйерлерімен бірге түскен суретін жариялаған болатын.

Беларусь еліндегі Екінші Еуропалық Ойындардың салтанатты ашылуында Димаш Құдайберген жаңа италиялық әнді орындайды деп мәлім етті әлеуметтік желіде  оның шет елдердегі жанкүйерлері.

Айта кетсек, II Еурпалық ойын Минскіде 21-30 маусым аралығында өтеді. Аса ауқымды спорттық форумға 50 елден 4 мыңнан астам атлет қатысады.

Спорт алаңдарындағы тартысты бәсекені тек Еуропа ғана емес, Азия, Африка, Солтүстік және Оңтүстік Америка елдерінің де жанкүйерлері көретін болады. Жарыс спорттың 15 түрінен ұйымдастырылады және оны 500 миллион телекөрермен тамашалайтын болады.

Айта кеткен жөн, Еуропалық ойындар алғаш рет 2015 жылы Әзербайжан астанасы Бакуде өткен болатын.