16 қаң, 2020 сағат 13:45

Димаш Джеки Чанның фильміне саундтрек жазды

Танымал Қазақстандық әнші Димаш Құдайберген Джеки Чанның жаңа «Авангард» фильміндегі саундтректі орындады, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

«Достар, сіздермен жақсы жаңалықты бөліскім келеді. Джеки Чан жаңа «Авангард» фильмін түсірді. Осы фильмдегі саундтректі мен орындадым. Киноға барыңыздар, Джеки Чанның жаңа фильмін тамашалаңыздар және менің әнімді тыңдаңыздар», - деп жазды әнші өзінің Instagram парақшасында.

«Жаңа кино адамзатты арманнан, жақсылықтан күдер үзбеуді үйретеді. Осы орайда, жиырма жылдан астам уақыт музыкамен кәсіби айналысып келе жатырмын, осы уақыт бойы Джеки ағаның тұрақты жанкүйері болып келемін. Джеки ағаның киноларындағы бір әнді орындасам деп бала кезден армандайтынмын. Сондықтан, қазіргі қуанышымды сөзбен жеткізу қиын», - деді Димаш.

Сонымен бірге, фильм таныстырылымында Димаш Джеки Чан репертуарындағы танымал әндердің бірін орындады.