24 сәу, 2017 сағат 08:17

Димаш әйгілі жапониялық сауда үйінің ашылуына қатысты (Фото)

Димаш Құдайберген кеше Қытайдың Сиань қаласындағы жапондық ISSEY MIAYKE танымал брендінің сауда үйін ашу салтанатының құрметті қонағы болды, деп хабарлайды Ұлт.кз тілшісі ҚазАқпарат агенттігіне сілтеме жасап.


Бұл туралы Димаштың ресми өкілі Алпамыс Шәрімов өзінің инстаграм желісінде жария етті.


«Димаш қытайдың ең алғашқы астанасы Сиань қаласында танымал жапондық бренд Issey Miyake - нің ресми сауда орталығының салтанатты ашылу рәсімінің құрметті қонағы болды! Бұл да бір ұмытылмас күн!», деп жазды ол.

Бұл шарада Димаш Орал Байсеңгірдің сөзіне жазылған өзінің «Ұмытылмас күн» атты əнін орындады.