25 нау, 2017 сағат 19:09

Димаш 10-кезеңде "Ұмытылмас күн" әнін орындап, финалға жолдама алды (видео)

Қазақстандық әнші Димаш Құдайберген «Singer2017» ән байқауының оныншы кезеңінде үшінші орынға ие болды, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Бүгін Hunan TV арнасынан байқаудың 10-шы кезеңі көрсетілді. Бұл кезеңде қазақстандық әнші "Ұмытылмас күн" әнін қазақ және қытай тілінде орындады. Айта кетейік, әннің авторы Димаш Құдайбергеннің өзі де, сөзін Орал Байсеңгір жазған.