03 жел, 2019 сағат 09:08

«Diamond voice»: қазақстандық өнерпаздар үздік атанды

Чехия астанасы Прага қаласында өткен халықаралық «Diamond voice» конкурсынан қызылордалық өнерпаздар табысты оралды, – деп хабарлайды «Ұлт ақпарат».

Халықаралық конкурста 16 жастағылар арасында Арайлым Берік бірінші орын алды. Ал 8-12 жастағы сайыскерлер арасында Дінмұхамед Төлеубай «Бриллиант дауысты әнші» атанды.

Қос өнерпаз Қызылорда облыстық халық шығармашылығын дамыту және мәдени-продюсерлік орталығы жанындағы балалар студиясында тәлім алады. Балалар студиясына ҚР еңбек сіңірген әртісі Қарагөз Ақдәулетова жетекшілік етеді.