17 ақп, 2020 сағат 14:29

Diamond Princess лайнеріндегі қазақстандықтардың жағдайы қалай?

ҚР инфекциялық аурулардың жетекші маманы Динагүл Баешева Diamond Princess лайнеріндегі қазақстандықтардың денсаулығы туралы айтып берді, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

«Лайнерде біздің 4 қазақстандық бар. Денсаулық сақтау министрлігі олармен үнемі хабарласып отыр. Жағдайлары бірқалыпты. Жақында талдау жасалады. Әрі қарай келіссөз жүргізіледі. Карантин болғандықтан, барлығы Сыртқы істер министрлігі арқылы шешіледі. Карантин мерзімі жақында аяқталады. Одан кейінгі шаралар келісіледі», - деді Динагүл Баешева Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында.

Айта кетейік, Қазақстанның Денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі Диас Ахметшәріп Diamond Princess лайнерінде Қазақстанның 4 азаматы бар екенін хабарлаған еді.

Соңғы деректерге сәйкес, Қытайда коронавирустан көз жұмғандар саны 1770 адамға жетті.