24 қаң, 2017 сағат 19:11

Депутат Жамаловқа қатысты заң бұзушылық анықталмады - ОСК

Орталық сайлау комиссиясы Мәжіліс депутаты Аманжан Жамаловқа қатысты тексерістің қорытындысы бойынша шешім шығарды, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" ведомство баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Еске салайық, 18 қаңтарда ҚР Орталық сайлау комиссиясының отырысында 17 қаңтарда 365info.kz интернет-порталында жарияланған "Табысты" депутат Жамалов Қазақстан Парламентінен кетуі мүмкін" мақаласында баяндалған фактілер бойынша тексеру тағайындалған болатын.

Портал материалында Жамаловтың екі ЖШС құрылтайшысы екені және Жамаловтың Конституциялық заң бойынша бұл үшін мәжілісменнің босатылуы керек екені хабарланған.

"Комиссия мүшелері тексеруді толық көлемде жүзеге асырды. Бірінші дереккөздерден алынған ақпарат депутат А.М. Жамаловтың өз мүлкін сенімгерлік басқаруға беруге қатысты заңнамада белгіленген іс-қимылдарды уақтылы және заңнамаға сәйкес жүргізгенін растады", - делінген хабарламада.

Осылайша, ұсынылған растаушы құжаттарға және қазақстандық заңнаманың кәсіпкерлік және депутаттық қызметтің үйлеспеушілігі туралы нормаларына сүйене отырып, Ортсайлауком Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Аманжан Жамаловтың ҚР Конституциясының 52-бабы 3-тармағының талаптарын бұзбаған деген қорытындыға келді.

Осылай дей келе, ОСК өкілдері Конституцияның 52-бабы депутаттың кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруына тыйым салатынын еске салды. Осы талапты бұзған жағдайда, депутатқа жазалау шараларын қолданумен байланысты мәселелерді дайындау ҚР Орталық сайлау комиссиясына жүктеледі.

Еске салайық, Мәжіліс депутаты ХҚКО-да көз жұмған ер адам жайлы "Ол үйінде де қайтыс болуы мүмкін еді" деген пікірінен кейін әлеуметтік желілерде қызу талқылана бастаған еді.  Осыдан соң "Мен адамның кез келген жерде қайтыс болуы мүмкін екенін айтқым келді, ал мені жоқ жерден жалмауызға айналдырды", - деген ол соңында марқұмның туыстарынан кешірім сұраған болатын.