#
#
Сенбі 23/11/2019

«Денсаулық» пойызы түркістандықтарды медициналық тексеруден өткізеді

  • 08.11.2019
  • 0
  • 144

Түркістан облысына «Денсаулық» медициналық пойызы келді. Соңғы үлгідегі қондырғылармен жабдықталған отарбадағы мамандар 29 қарашаға дейін ауыл тұрғындарын тексеруден өткізіп, дәрігерлік кеңес береді, деп хабарлайды "(Ұлт ақпарат".

6 қарашада Отырар ауданының Темір станциясына келіп тоқтаған «Денсаулық» пойызы 8-9 қарашада - Отырар ауданы, Қарақоңыр станциясына, 10 қарашада - Талдықұдық станциясына, 11 қарашада - Арыс қаласы, Шағыр станциясына, 12-13 қарашада - Монтайтас станциясына, 14 қарашада - Шанақ станциясына, 15-16 қарашада - Шеңгелді станциясына, 17 қарашада - Сарыағаш ауданы, Жылға станциясына, 18-19 қарашада - Дарбаза станциясына, 20 қарашада - Ордабасы ауданы, Қалаш станциясында, 21-22 қарашада - Бадам станциясында, 23 қарашада - Игілік станциясында, 24-25 қарашада - Сайрам ауданы, Қызылсай станциясында, 26 қарашада - Ынтымақ станциясында, 27-28 қарашада - Түлкібас ауданы, Састөбе станциясында, 29 қарашада - Көктерек, Түлкібас станцияларында аялдап, медициналық қызметтерді көрсетеді.

Айта кетейік, Қазақстанның шалғай жатқан теміржол стансаларына аялдайтын пойыздың сапары биылғы 21 желтоқсанда аяқталады. 240 күн ішінде теміржол бойында орналасқан ауылдардың тұрғындарына шамамен 230 млн теңгенің қызметі көрсетілмек.

«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» баспасөз қызметінің мәліметінше, барлығы 40 мыңға жуық адамға медициналық көмек көрсету жоспарланып отыр. Соңғы үлгідегі қондырғылармен жабдықталған пойыздарда терапевт, педиатр, невропатолог, окулист, ЛОР, гинеколог, хирург, уролог, маммолог, онколог сияқты мамандар бар.

Сондай-ақ, түрлі зерттеулер мен диагностика түрлері, кішігірім хирургиялық операциялар мен стоматологиялық қызметтер көрсетіледі.

0 пікір

Пікір қалдыру

Чтобы оставлять комментарий нужно зарегистрироваться или авторизироваться

Маңызды мақалалар

БАННЕР

Аймақтар жаңалықтары

Басқа да мақалалар