#
#
Сейсенбі 25/09/2018

Денис Теннің өліміне қатысты үшінші күдіктіге қандай айып тағылған

  • 14.09.2018
  • 0
  • 905

Қалмұханбет Қасымов мәнерлеп сырғанаушы Денис Теннің өліміне қатысты үшінші күдіктіге қандай айып тағылып отырғанын айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Иә, екі қылмыскерге ұрлық, қарақшылық және кісі өлімі бойынша айып тағылып отыр. Ал бұл әйелге «біле тұра хабар бермеу» айыбы тағылуда. Қыркүйек айының соңына дейін істі сотқа жолдаймыз», - деді министр ОКҚ-да өткен баспасөз мәслихатында.

Еске сала кетсек, бұған дейін Денис Теннің өліміне қатысты үшінші адам - Жанар Толыбаева 2 айға қамауға алынғанын хабарлаған болатынбыз.

Алматы қалалық соты баспасөз қызметінің мәліметінше, ұсталған адамға қатысты 2 айға қамау туралы бұлтартпау шарасы қолданылған.

«Алмалы аудандық сотына Жанар Толыбаеваны екі айға қамауға алу туралы бұлтартпау шарасын санкциялауға өтініш түсті.  Әйел адам ҚР ҚК 434-бабы мен 188-бабының 2-бөлімімен 2 айға қамауға алынды», - деп хабарлады қалалық соттан.

0 пікір

Пікір қалдыру

Чтобы оставлять комментарий нужно зарегистрироваться или авторизироваться
БАННЕР

Аймақтар жаңалықтары

Басқа да мақалалар