04 ақп, 2017 сағат 18:19

Денис Тен - Универсиада чемпионы

Алматыдағы ХХVIII қысқы Универсиада ойындарында Қазақстан құрамасының қоржынына сегізінші алтын медаль түсті. Оның иегері мәнерлеп сырғанаушы Денис Тен болды.

Ол қысқы және еркін бағдарлама бойынша 266,97 ұпай жинады.

Күмісті жапониялық Кейджи Танака (252,09), қоланы швециялық Александр Майоров (246,56) иеленді. Тағы бір қазақстандық Абзал Рақымғалиев 12-орынмен шектелді.

Денис Тен 2013 жылғы әлем чемпионатының күміс жүлдегері және 2014 жылы Сочи олимпиадасында қола медаль алған.

Ұлт ақпарат