21 шіл, 2018 сағат 11:12

Денис Тен туралы кітап жарық көрді

Қазақстанда дарынды спортшы Денис Тенге арналған шағын кітап шығарылды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Кітап 5 мың тиражбен шығарылды және басылым Астана кітапханаларында тегін таратылып жатыр.

«Біздің Денис» атты 60 беттен тұратын жинаққа спортшының өмірбаяны, берген сұхбаттары және елі, отбасы мен өмір жайлы айтқан сөздері енгізілген. Сондай-ақ, басылымға бала Денистің фотосуреттері, түрлі жарыстар мен іс-шаралар кезінде жасалған естелік фотолар жинақталған.

Мәдениет және спорт министрлігінің бастамасымен шығарылып отырған кітаптан отандасымыз жайлы әлемдік және қазақстандық жұлдыздардың еске алу сөздерін, спортшыға арналған өлең жолдарын оқуға болады.