19 шіл, 2018 сағат 16:47

Денис Тен пышақталған жерден видео

Мәнерлеп сырғанаушы Денис Тенге шабуыл жасалған жерде полицейлер зерттеу жүргізіп жатыр, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат". 


Куәгердің айтуынша, оқиға орнына қазір полицейлер келіп, жұмыс істеп жатыр. Барлығынан жауап алынып жатыр. 

Сондай-ақ, ол жолдан қан көргенін айтады. 

Еске сала кетейік, Данис Тен сағат үште пышақ жарақатын алып, Алматыдағы орталық ауруханаға түскен. Оқыс оқиға Құрманғазы-Байсейітова көшелерінің қиылысында болған.

Алматы ІІД берген мәліметтерге қарағанда, спортшы көлігінің айнасын ұрлап бара жатқан екі адамның үстінен түскен. Екі арада басталған жанжалдың нәтижесінде әлгі адамдар Денис Тенді пышақтап кеткен. 

Өкінішке қарай, 17:30-да Тенис Тен қайтыс болды.

Денис Тен - ҚР еңбек сіңірген спорт шебері, 2014 жылғы қысқы Олимпиада ойындарының қола жүлдегері.